QazaqGaz компаниялар тобында Отан қорғаушылар күніне орай футболдан турнир өтті. Жарыс Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қызметкерлердің басын біріктірді. Алаңда филиалдар мен орталық аппараттың құрама командалары кездесті.

Турнир қорытындысы:

1 орын "QazaqGaz Aimaq" АҚ (өндірістік филиалдар құрамасы)

2 орын "QazaqGaz Барлау және өндіру" ЖШС

3 орын "QazaqGaz Aimaq" АҚ (орталық аппарат)

Турнир корпоративтік Спартакиада қарсаңында өтті. Мұндай іс-шаралар командалық өзара іс-қимылды, корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.