21 мамырда QazaqGaz орталық кеңсесінде Астана қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы жанындағы "Жастар Рухы" ЖК елордалық филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұм мен Астана қаласы мәслихатының депутаты Сәуле Самидин компания қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Депутаттар Конституциялық реформалардың елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершіліктің қажеттілігін атап өтті. 

Кездесу барысында Конституциядағы негізгі өзгерістер туралы айтылды. Атап айтсақ, демократиялық институттарды дамытуға, әділеттілік пен Заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталған нормалар  түсіндірілді.