«QazaqGaz»ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ Маңғыстау облысында магистральдық газ құбырларын жөндеуді бастады.
«МАЭК» ЖШС тұтынатын газдың азаюына байланысты «Интергаз Орталық Азия» АҚ Маңғыстау филиалы шұғыл түрде «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» МГҚ үш желісін күрделі жөндеуді, сондай-ақ «Окарем-Бейнеу» МГҚ-дағы ақауларды жойып жатыр. Жұмыстар 2023 жылдың қыркүйек айының екінші жартысына жоспарланғандығын ескертеміз. Алайда, қалыптасқан жағдайға байланысты жұмыс ерте кезеңге ауыстырылды.
Магистральдық газ құбырларын күрделі жөндеу инвестициялық жобаны іске асыру және 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде орындалуда. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес мерзімінен кешіктірусіз және кідіріссіз жүргізілуде.
Маңғыстау облысының тұрғындары жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде табиғи газбен толық көлемде шектеусіз қамтамасыз етіледі.