Астана қаласында 4 қыркүйек күні "QazaqGaz" ұлттық компаниясында Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. QazaqGaz Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов ұжымды және ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың еліміздің газ саласының қалыптасуына, дамуына және сенімді жұмысына үлес қосқандарын атап өтті. Сондай-ақ, саланың еңбек сіңірген ардагерлері Ұзақбай Қарабалин, Ләззат Киинов, ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Түткышбаев, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарушы директоры Бақытжан Таубаев және QazaqGaz Директорлар кеңесінің төрағасы Жандос Қайыргелді құттықтау сөз сөйледі.
Кеш барысы марапаттау рәсімімен қызықты болды. Бұл мереке бүгінде саланы дамытып жатқан жұмысшылар мен сол саланың берік негізін қалаған ардагерлерді біріктірген салтанат ретінде ерекшеленді.