“QazaqGaz” ҰК” АҚ бас кеңсесінде Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара QazaqGaz Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов пен KazService төралқа төрағасы Рашид Жақсылықовтың қатысуымен өтті. Тараптар газ саласын дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. 

Кездесудің аясында отандық компанияларды қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту және іске асырылып жатқан жобаларға отандық бизнесті тарту мүмкіндіктерін кеңейту тақырыптары көтерілді. 

“Салалық бірлестіктермен ашық диалог бізге нарықтың қажеттіліктерін жақсы түсінуге және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біз қазақстандық бизнестің біздің жобаларымызға белсенді қатысып, саламен бірге дамуына мүдделіміз”, - деп атап өтті QazaqGaz басшысы Әлібек Жамауов. 

Kazservice басшысы Рашид Жақсылықов QazaqGaz-дың бизнеске және ұлттық экономиканы дамытуға бағытталған бастамалары мен құлшыныстары айқын байқалып келетінін айтты. 

«Бүгін біз кезекті кездесуімізде Qazaq Gaz-дың қатысуымен жүзеге асатын бастамалар мен жобаларды талқылап, әлемдік деңгейдегі жобаларына да шолу жасадық»,-деді ол.

Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында QazaqGaz сатып алудағы отандық қамту үлесін ұлғайтуға және жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимылды кеңейтуге ұмтылады. Тараптар орнықты өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, жергілікті бизнесті елдің энергетикалық секторына тарту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.