Кездесу аясында Кеңес мүшелері QazaqGazдың осы жылғы бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылады. Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және әр бағытты басқаратын төраға орынбасарлары баяндама жасады.
Сарапшылар кеңесінің мүшелері газ тасымалдау жүйесіне жүргізіліп жатқан техникалық аудиттің ағымдағы жағдайы мен ресурстық базаны арттыру бойынша болжамдық талдау мәселелерін қарастырды.
Күн тәртібінде талқыланған маңызды сұрақтардың бірі - тауарлық газ бағасының құрылымы мен газ саласы бойынша құзыретті Орталық құру.
Кездесу соңында Сарапшылар кеңесінің төрағасы Тегісбаев Анатолы Орынғалиұлы қатысушыларға Сараптамалық кеңес жұмыс топтарының қызметі туралы баяндады.
Сараптамалық кеңес – шешімдері консультативтік сипаттағы кеңесші орган болып табылады. Оның құрамына ғылым, жоғары технологиялар, цифрлық даму, өндіріс және бизнес саласындағы құзыретті және тәуелсіз сарапшылар болып табылатын газ саласының ең беделді мамандары (ардагерлері) кіреді.