10-12 маусым кезеңінде QazaqGaz стипендиаттарының Satbayev University және Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде (ҚБТУ) дипломдық жобаларын қорғау өтті. Бұдан бұрын студенттер компаниялар тобының өндірістік объектілерінде диплом алдындағы тәжірибеден өтті, сондай-ақ мотивациялық кездесулер мен басқа да іс-шараларға қатысты.   

Қорғау QazaqGaz Адам ресурстарын басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Бибігүл Жарлығапованың және Қоғамның ЕТҰ басшыларының қатысуымен өтті.  

2023 жылы «QazaqGaz» ҰК АҚ, ҚБТУ және Satbayev University арасында газ саласы үшін кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалғанын естеріңізге сала кетейік, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Меморандумын іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде талантты студенттерге әлеуметтік қолдау ретінде атаулы стипендиялар беру көзделген. 2023 жылғы тамыз айында 3 және 4 курс студенттерін қолдауға бағытталған «QazaqGaz» стипендиясын алуға конкурс жарияланды. Іріктеу нәтижесінде ҚБТУ мен Satbayev University-дің 12 студентіне стипендия берілді.