"QazaqGaz" ҰК" АҚ жемқорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесінің сыртқы аудитінің екі кезеңінен сәтті өтіп, оның қорытындысы бойынша сәйкестік сертификатын алды ҚР СТ ISO 37001-2017 (ISO 37001:2016).

Сертификат алу компанияда халықаралық талаптарға және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сәйкес келетін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, анықтау және оларға ден қою жүйесі құрылғанын және тиімді жұмыс істейтінін растайды.

Бұл нәтиже компанияның бірлескен және жүйелі жұмысының еңбегі. Компания барлық бизнес-процестерде этикалық мінез-құлық, ашықтық және жауапкершілік мәдениетін нығайтуда.