"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов пен Global Gas Centre атқарушы директоры Валери Дюкро  ұлттық компанияға халықаралық кәсіби қоғамдастыққа және жаһандық газ нарығын дамытудың негізгі трендтері, энергетикалық ауысу, оның тұрақты дамуы талқыланатын пікірталас алаңдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін Меморандумға қол қойды.

QazaqGaz - Орталық Азиядан шыққан The Global Gas Centre серіктесі атанған алғашқы газ компаниясы. Бұл компанияның жаһандық газ нарығын дамытуға, инновацияларды енгізуге, халықаралық және трансшекаралық энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын растайды.

The Global Gas Centre-штаб-пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан, жетекші газ компаниялары мен сарапшыларын біріктіру үшін құрылған халықаралық салалық ұйым. Халықаралық энергетикалық компаниялар құрған ұйымның миссиясы-сараптамалық пікірмен, салалық шешімдермен және газ саласындағы үздік әлемдік тәжірибелермен алмасатын алаң құру.