"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Ақмола облысындағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысымен танысты. Дайындық шеңберінде QazaqGaz компаниялар тобы 18 елді-мекенде халыққа газдың сенімді және үздіксіз берілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар кешенін жүргізуде.
"Бүгінгі таңда Ақмола облысында газ инфрақұрылымының күзгі-қысқы кезеңге дайындық деңгейі 67%, ел бойынша – 65% құрайды. Іс-шаралар қатаң бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылады. Біз үшін әрбір абоненттің табиғи газға, әсіресе қыс айларында көгілдір отынға үздіксіз қол жеткізуі өте маңызды", — деп атап өтті "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов.
Сонымен қатар, Астанада және жақын жатқан елді-мекендерде белсенді дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған жұмыстардың қатарында Family Village тұрғын алабындағы сыртқы газ құбырларын ылғалдан тазарту (үрлеу), сондай – ақ Қарағайлы, Әлия Молдағұлова, Айдын, Өрнек, Арда және т.б. көшелерде Оңтүстік-Шығыс, Көктал-1, Интернациональный және темір жол шағын аудандарында газ инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету күтілуде. Бұдан басқа, ағымдағы және күрделі жөндеу, сондай-ақ объектілердің техникалық жай-күйіне сараптама және диагностика жүргізіледі.
Іс-шаралар қыстың ең жоғары жүктемелерінде газбен жабдықтау сенімділігін арттыруға, апаттылықты азайтуға және тұтынушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жұмыстар техникалық нормалар мен мерзімдерді қатаң сақтай отырып жүргізіледі.
QazaqGaz 2025-2026 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық жоспарын іске асыруды жалғастырады, жұмыстарды тамыз айының соңында аяқтау жоспарланған.
Негізгі жұмыстарды тамыздың соңына дейін аяқтау көзделуде.