"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қазақстандағы Shell концернінің аға вице-президенті және төрағасы Сюзанн Куганмен кездесу өткізді. Тараптар газ саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

"Қазақстанның газ саласын дамыту - ел экономикасын дамыту үшін ерекше маңызға ие. Осыған байланысты біз серіктестерімізбен бірлескен жобаларды кеңейту үшін елеулі әлеуетті көріп отырмыз және сіздердің ашық диалогқа және өзара тиімді шешімдерді іздеуге дайын екендеріңізді бағалаймыз", – деп атап өтті Әлібек Жамауов.

Тараптар газ жобалары мен геологиялық барлаудың тиімділігін арттыруға бағытталған тығыз стратегиялық ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. 

Кездесу соңында серіктестер QazaqGaz компаниясын 25 жылдығымен құттықтап, қазақстандық газ саласының дамуына қосқан үлесін атап өтті.