«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Ғылыми-техникалық орталықтың (ҒТК) ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында жаңа кеңсе концепциясы ұсынылып, компанияның бірқатар басым жобалары бойынша аралық нәтижелер жарияланды.

Ұлттық компания басшысы эргономикаға баса назар аударылған жаңартылған жұмыс алаңдарымен танысты. Қызметкерлер заманауи IT шешімдеріне, мәжіліс залдарға, кофе алаңдары менконференц залдарға, сондай-ақ экологиялық таза баспа аймағына қол жеткізді. Жөндеу жұмыстарыQazaqGaz корпоративтік мәдениетіне белсенді түрде енгізілен ESG тәсіліне сәйкес жүргізілді.

 Санжар Жаркешовтің айтуынша, ыңғайлы, технологиялық және функционалдық жұмыс ортасын құру – QazaqGaz-дың адами капиталды дамытуға бағытталған ауқымды трансформация стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Кездесу барысында геологиялық және гидродинамикалық модельдерді құру, геологиялық барлау жұмыстарын қолдау, сондай-ақ жерасты газ қоймаларын (ГГҚ) құру бойынша перспективалық объектілерді талдайтын орталықтың мүмкіндіктері таныстырылды.

Сонымен қатар, компанияның тұрақты дамуы үшін тиімді ресурстық базаны қамтамасыз етудегі орталықтың әлеуеті және ұжымның құзыреттілігі атап өтілді.

Ұсынылған бастамалардың қатарында ахуалдық орталықтың қызметі, «Көшбасшылар пулы» кадрлық жобасын әзірлеу, сондай-ақ бизнес-процестерді автоматтандыру саласындағы инновациялық шешімдер бар. Технологиялық дербестік бағыттарының бірі ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерді дамытудың басымдықтары анықталды.