1 қараша күні Санкт-Петербургте XII Петербург халықаралық форумы аясында «QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы» және «Бүкілресейлік табиғи газдар және газ технологиялары ғылыми-зерттеу институты -Газпром ВНИИГАЗ» арасында келісім бекіді.
Меморандум шеңберіндегі әріптестік ғылыми және инновациялық қызмет бағыты бойынша «QazaqGaz ҒТО» ЖШС мен «Газпром ВНИИГАЗ» АШҚ арасындағы тиімді іс-қимыл мен ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталған.
Екі тарап арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатын негізге ала отырып, құжатқа «QAZAQGAZ ҒТО» Бас директорының талдау және оқыту мәселелері жөніндегі орынбасары Сәуле Самекина және «Газпром ВНИИГАЗ» АШҚ бас директоры Максим Недзвецкий қол қойды.
Өзара іс-қимылдың басым бағыттарына мыналар жатады:
– өндірістік міндеттерді шешу үшін трансферт және жаңа техникалар мен технологияларды енгізу;
– кадрларды кәсіби тұрғыда дамыту;
– ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру және газ өнеркәсібіне жаңа ғылыми әзірлемелерді енгізу;
– корпоративтік стандарттауды дамыту тәжірибесін зерттеу;
– бірыңғай техникалық саясатты енгізу тәсілдерін зерттеу;
– өндірістік объектілердің техникалық жай күйін бағалау және тұтастығын басқару тәсілдерін зерделеу;
– әртүрлі типтегі жерасты газ қоймаларын құру тәсілдерін зерттеу /негізгі технологияларды әзірлеу;
– электрохимиялық қорғаныс саласындағы қазіргі тенденциялар мен шешімдерді зерттеу.
Айта кетейік, «Газпром ВНИИГАЗ» АШҚ – «Газпром» ЖАҚ-тың технология саласындағы негізгі ғылыми орталығы, ұйым «Газпром» ЖАҚ-ның газды өндіру, тасымалдау, ресурсты жерастында сақтау, өңдеу және пайдалану салаларында жүзеге асырылатын жобаларды зерттеу және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Институтта 20 ғылыми орталық жұмыс істейді, олардың 60-тан астам стендтер мен қондырғылар орнатылған тәжірибелік-эксперименттік базалары бар. Теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижесі– газ өнеркәсібіне арналған әртүрлі технологиялық процестерге, материалдар мен жабдықтарға қолдау болатын 300-ден астам патентті ойлап табуға көмектесті.