Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Жанболат Мирманов China International Capital Corporation (CICC) делегациясымен және Қытай Халық Республикасының және Гонконгтың қаржы және инвестициялық ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар тарту және бірлескен бастамаларды іске асырудың болашақ тетіктерін талқылады.
Қатысушылар «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен CICC арасындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін де қарастырды. Кездесу барысында қаржыландыру саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарына, газ инфрақұрылымын дамытуға және қаржы институттарының перспективалы жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Басқосу қорытындысы бойынша қос тарап ынтымақтастықтың нақты бағыттарын пысықтауды жалғастыруға келісті.