Шарада Қордың, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, AIX және KASE қазақстандық қор биржалары мен брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.
Кездесу барысында компаниялар тобының ұжымы Қордың портфельдік компанияларының жекешелендірілуі және IPO бағдарламасының іске асырылуы барысымен танысты.
Шараға қатысушылар бағалы қағаздарға инвестиция салу тұрғысынан қаржылық сауаттылық деңгейін көтеруге мүмкіндік алды. Сарапшылар кіріс алу мүмкіндіктері және биржалық саудамен байланысты ықтимал тәуекелдер туралы айтты.
Атап айтқанда, шақырылған сарапшылар қарапайым сөзбен акциялардың не екенін және қалай инвестициялау керектігін айтып берді. Қызметкерлер акциялардың инвестициялық тартымдылығы, дивидендтерді есептеу, жекешелендіру аясындағы IPO-ның ерекшеліктері, сондай-ақ, Қазақстандағы табысты IPO тәжірибелері туралы ақпарат алды.
Бұған дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ өндірістік кәсіпорындарының қызметкерлерімен IPO мәселелері бойынша осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткен болатын.
IPO және Қордың портфельдік компанияларын жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ Қордың www.ipo.sk.kz тиісті интернет-ресурсында білуге болады.