«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлері жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «STOP ДТП» кампаниясына қосылды. Шара аясында қатысушылар бетпе-бет соқтығысуды имитациялайтын Конвинсер арнайы тренажерын сынақтан өткізді.

Жаттығу тренажеры 5-10 км/сағ жылдамдықта болса да апат салдарын сезінуге мүмкіндік беріп, қауіпсіздік белдігін пайдаланудың маңыздылығын көрсетеді. Іс-шараның мақсаты – «QazaqGaz» ҰК компаниялар тобының қызметкерлері арасында жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы ақпараттандыруды арттыру және жүргізушілердің жарақаттану деңгейін төмендету.  

Науқан «QazaqGaz Өнімдері» ЖШС Алматы көлік учаскесінің аумағында өтті. Іс-шараға компанияның барлық жүргізушілері толықтай қатысты. 

«STOP ДТП» бастамасы QazaqGaz компаниялар тобының ESG стратегиясы аясында жүзеге асырылатын еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі корпоративтік бағдарламаның бөлігі болып табылады.