18 қазанда "QazaqGaz "ҰК" АҚ қызметкерлері "Самұрық-Қазына"АҚ портфельдік компаниялары арасында ұйымдастырылған ағаш отырғызу экологиялық акциясына қатысты.
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясын іске асыру аясында QazaqGaz Астана қаласы Есіл ауданының №104 орта мектебінің аумағына 200-ден астам ағаш отырғызды. Іс-шараға QazaqGaz Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов, QazaqGaz қызметкерлері, №104 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Шырша, қарағай, алма, қайың, үйеңкі, шие, терек, отырғызылды.
"QazaqGaz қоршаған ортаны қорғауға қатысты маңызды бастамаларды әрқашан қолдайды. Тазалықты сақтау - еліміздің әрбір азаматының жауапкершілігі", - деді Әлібек Жамауов.
Акция экологиялық мәдениетті дамыту, орнықты даму қағидаттарын ілгерілету және халықты қоршаған ортаны қорғауға үндеу жолында жасалып жатыр.