QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы QazaqGaz Ұлттық комапаниясы және еншілес ұйымдардың қызметкерлеріне «Жаңа технологиялар және инновациялар орталығы» цифрлық платформасын таныстырды. Іс-шара аясында платформа функционалымен таныстыру және жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізілді.

«Жаңа технологиялар және инновациялар орталығы» ұсынылатын технологиялық шешімдер бойынша материалдарды шоғырландыруға және компаниялар тобының өндірістік процесіне инновацияларды енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Платформа үдерістің барлық қатысушылары арасындағы өзара іс-қимыл үшін бірыңғай цифрлық кеңістік қалыптастырып, отандық және шетелдік өнім беруші мен технологияларға құқық иеленушілерден келіп түсетін өтінімдерді қабылдау және өңдеудің ашық әрі стандартталған тетігін қамтамасыз етеді.

Цифрлық платформа барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді. Бұл пайдаланушыларды жүйеде тіркеу басталған сәттен бастап, ұсынылатын инновациялық өнімді қолданудың орындылығы туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін, өтінімдерді қабылдау мен сүйемелдеуді объективті түрде бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, цифрлық платформаның алгоритмі әлеуетті өнім беруші мен технологияларға құқық иеленушілерге өтінімдерді өңдеудің әрбір кезеңін онлайн түрде қадағалауға мүмкіндік береді.

Жаңа жүйенің функционалы цифрландыру саласындағы әлемдік даму бағытына сәйкес келеді. Сонымен қатар озық технологиялық шешімдерді енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. QazaqGaz компаниясы цифрлық трансформацияның мемлекеттік стратегиясын іске асыруға белсенді қатысып, әлеуетті жеткізушілер, технологияларға құқық иеленушілер және ұлттық компания арасындағы өзара іс-қимылдың бизнес-процестерін оңтайландыру мен үйлестіруге елеулі үлес қосуда.