«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Еуропа мен Африкадағы Air Products компаниясының президенті Иво Болспен кездесті.

Тараптар өзара ынтымақтастық жоспарын және Қазақстандағы ауқымды газ-химиялық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.

1940 жылы негізі қаланған Air Products (NYSE: APD) өнеркәсіптік газдар мен мамандандырылған құрал-жабдықтың әлемдік көшбасшысы болып табылады. Компания 50-ден астам елде жұмыс істейді және Fortune 500 тізімінде 350-ші орында. Оның өнертабыстық шешімдері энергетикада, металлургияда және химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылып, тұрақты өндірістің дамуына ықпал етеді.