Ұлттық компания басшысы кездесуге қатысушыларға QazaqGazдың жаңа стратегиясы мен бастамаларын, сондай-ақ жергілікті қамту үлесін арттыру бағдарламасын таныстырды. "Жаңарған QazaqGaz" стратегиясы қазақстандық газ саласын дамытуға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды қамтиды. Бұған дейін өз Жолдауында ел Президенті Қасымжомарт Тоқаев өнеркәсіп өкілдерінің ұсынған реформаларын, оның ішінде әлеуметтік-әділ тариф белгілеуді енгізуді қолдаған болатын.

«Біз Қазақстанда тиімді газ саласын құрып, оны инвесторларға тартымды еткіміз келеді, сондықтан бизнестің пікірін есту біз үшін маңызды", – деп атап өтті Санжар Жаркешов.

Бұдан басқа, бірлескен өндірістер құрып, әлеуетті серіктестерді анықтау мақсатында өндірушілердің қазақстандық және халықаралық нарықтарына талдау жүргізу жоспарлануда.

«Бизнестің газ саласына қатысуы аса маңызды екенін көріп отырмыз. Біз өз тарапымыздан барлық сараптаманы біріктіріп, тек қатысушы емес, жүзеге асырушы болуға дайынбыз. Жұмыс жоспарын жасап, басты бірнеше бағытты анықтаймыз. Мәселен, ірі бизнеске қатысты жоба болса, бизнес оны талқылауға дайын. Бұл жерде бизнес өкілдерінің ақпаратпен жан-жақты қамтамасыз етілуі аса маңызды. Тағы бір маңызды мәселе – мемлекеттік сатып алулар, бұл жерде жұмыс көлемі айтарлықтай ауқымды. Біз ашық, монополиясыз, бәсекеге қабілетті ортаны қолдаймыз», - деді «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов.