"QazaqGaz ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Исқазиев жұмыс кездесуін өткізді. Келіссөздер барысында тараптар өзара іс-қимыл мәселелері мен ынтымақтастықтың ағымдағы бағыттарын талқылады. Кездесу "QazaqGaz ҰК" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес компаниялары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Тараптар шикі және тауарлық газға қатысты мәселелерді, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелерді шешу мерзімдерін айқындау тәсілдерін қарады. Өзекті мәселелер шеңберінде өзара іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылды. 

Кездесу қорытындысында қатысушылар профильді бағыттар бойынша диалогты жалғастыруға мүдделілігін растады.