"QazaqGaz" ҰК " АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Baker Hughes мұнай кәсіпшілігі сервистері жөніндегі атқарушы вице-президенті Мария Клаудия Борраспен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанның газ көлігі инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобалар шеңберінде әріптестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. 

Кездесуде технологиялық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде энергия тиімділігін, газ тасымалдау инфрақұрылымының сенімділігі мен экологиялық тазалығын арттыру үшін заманауи шешімдерді енгізу бойынша бағыттар талқыланды. 

"Біз Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асырып жатырмыз және Baker Hughes жаңа жобаларға белсенді қатысады деп сенеміз. Компания саланы жаңғыртуда шешуші рөл атқара алатын озық технологиялар мен сараптамаға ие", - деп атап өтті Әлібек Жамауов.

Тараптар сондай-ақ жабдықты сервистік сүйемелдеуді, жекелеген процестерді оқшаулауды және цифрландыру саласындағы бірлескен жобаларды қоса алғанда, ұзақ мерзімді әріптестік бастамаларды пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.