"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қазақстандағы CNPC бас директоры Ли Шуфэнмен кездесу өткізді. Кездесуге Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited және PetroChina International Kazakhstan өкілдері де қатысты.
Тараптар Қазақстан аумағында геологиялық барлау және газ жобаларын іске асыру саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларынан бөлек, компаниялар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды талқылады.
QazaqGaz басшылығы CNPC компаниясының ұзақ жылдар бойы Қазақстанның энергетика саласындағы сенімді стратегиялық серіктесі болып қала беретінін атап өтті. Қос компания трансшекаралық газ тасымалдау жүйесін дамытуды қоса алғанда, бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесе іске асырды.