"QazaqGaz" ҰК " АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов CNPC-дің Орта Азия және Қазақстандағы өкілдігінің бас директоры Ли Шуфэнмен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар газ саласындағы әлеуетті инвестициялық жобаларды талқылады.

Кездесу аясында Әлібек Жамауов Ли Шуфэнді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, компаниялар арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдірді, сондай-ақ оған жаңа лауазымда табысты жұмыс тіледі.

Бұдан басқа, өзара қызығушылық тудыратын жобаларды бірлесіп іске асыруды қоса алғанда, ынтымақтастықты кеңейтудің ықтимал бағыттарына назар аударылды.

CNPC (China National Petroleum Corporation) – Қытайдың ірі мемлекеттік мұнай-газ корпорациясы, Қытайдағы мұнай мен газдың ең ірі өндірушісі және жеткізушісі, әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық топтардың бірі. CNPC 30-дан астам елде активтерге ие.