KAZENERGY Еуразиялық форумы алаңында “QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов “Eni S.p.A.” компаниясының жаһандық табиғи ресурстар бөлімшесінің барлау мен өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті.

Тараптар ағымдағы серіктестік барысын талқылап, саладағы қарым-қатынас аясын кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар, кездесу барысында газды қайта өңдеу бағыты мен тәжірибе алмасу, құзыреттілікті арттыру мәселелеріне көңіл бөлінді. 

QazaqGaz және Eni бірлескен жұмысты одан әрі нығайтуға ниет білдірді. Екіжақты серіктестік Қазақстанның газ саласын дамыту үшін аса маңызды саналады.