«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен Geo-Jade Petroleum Corporation компаниясының президенті Дэй Сяопин өзара серіктестік орнату туралы келісімге қол қойды. Құжатқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында қол қойылды.
Санжар Жаркешовтің айтуынша еліміздің газ саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар өз жемісін беруде, ал нақты қадамдар газ активтерінің геологиялық барлауын инвестициялық тартымды етеді.
Қол қойылған құжат тараптарға Қазақстандағы газ кен орындарын барлау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, жұмысты 100 пайыздық қаржыландыру шартымен Geo-Jade компаниясы жүзеге асырады деп күтілуде.
Сонымен қатар, компаниялар энергетика және өнеркәсіп салаларындағы басқа да бағыттарда ынтымақтастық орнатуға ниетті. Өз кезегінде тараптардың тиімді өзара іс-қимылы тауарлық газдың ресурстық базасын арттыруға ықпал етеді.