«QazaqGaz» ҰК» АҚ мен Halliburton Хьюстонда өтіп жатқан CERAWeek аясында Қазақстандағы бұрғылау жұмыстары мен қызметтерді онлайн бақылау орталығын құруға келісті. Тараптар QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы базасында одан әрі жұмыс істеу туралы келісімге қол қойды.
Жаңа орталық QazaqGaz жобаларына бейімделген аналитикалық ақпараттық жүйе негізінде жұмыс істейді. Оның жұмысы аясына персоналды оқыту, қосымша модульдерді әзірлеу, барлау мен өндіруді бұрғылауға қолдау көрсету, сондай-ақ ұңғымалардың жобаларын оңтайландыру кіреді. Орталықтың міндеті - өндірістік тәуекелдерді азайту.
QazaqGaz еліміздегі бұрғылау технологияларын цифрландыруға және олардың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ газ саласына инновациялық технологияларды енгізуге ұмтылады.