«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айдын Ақан мен ILF International Атқарушы вице-президенті, Ресурстар және тұрақты индустрия тобының директоры Кристиан Хайнц CERAWeek аясында инженерлік қызметтерді дамыту, жобаларды басқару және газ саласына инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған келісімге отырды. Серіктестік QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығының базасында жүзеге асырылады.

Тараптар бес негізгі бағытта: инжиниринг, консалтинг, R&D, персоналды оқыту, сондай-ақ газ саласын трансформациялау және цифрландыру бойынша жұмыс істейді. Жаңа энергия көздеріне көшу мен озық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Келісім QazaqGaz-дың өнеркәсіпті жаңғырту және адами капиталды дамытуға бағытталған стратегиялық бағытын тағы да айқындайды.