“QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және PetroChina International Директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы У Цзюньли табиғи газды сатып алу-сату туралы үш жылдық келісімге толықтыру жасап, қол қойды.
Құжатқа Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Қытай бизнес форумы аясында қол қойылды. Құжатта 2025 жылы Қытайға қазақстандық газ экспортының параметрлеріне түзетулер енгізу көзделген.