ADIPEC халықаралық мұнай-газ көрмесінің алаңында "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Solar Turbines компаниясының жаңа жабдықтарды сату және бизнесті дамыту жөніндегі директоры Андреа Фаббиеттимен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар сервистік қызмет көрсету және Қазақстанның газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. 

QazaqGaz басшысы стратегиялық жоспарларды іске асыру шеңберінде компаниялар тобы газ тасымалдау қуаттарын дамыту және жаңарту бойынша бірқатар перспективалы жобаларды іске асырып жатқанын атап өтті. 

"Біз еліміздің газ инфрақұрылымы жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттыру үшін одан әрі жемісті ынтымақтастық орнатуға сенеміз", – деп атап өтті Әлібек Жамауов. 

Тараптар жабдықты сервистік қолдау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің энергия тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған бірлескен шешімдерді әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді. 

Кездесу QazaqGaz және Solar Turbines арасындағы инженерлік ынтымақтастықтың жоғары стандарттарына және ұзақ мерзімді технологиялық шешімдеріне негізделген әріптестік байланысты нығайтудағы кезекті қадам болды.