“QazaqGaz” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Түмен облысы губернаторының орынбасары Андрей Пантелеевпен кездесті. 

Келіссөз аясында тараптар отын-энергетика кешеніндегі бірлескен мәселелерді шешу, өндірістік кооперацияны дамыту, технологиялық құзыретпен бөлісу және газ саласына кадр даярлау мәселелерін талқылады.

Кездесу қатысушылары Түмендегі Университетаралық кампустың потенциалын ғылым және білім, индустриалдық қарым-қатынасты дамытуда теңдессіз алаң ретінде пайдалануға назар аударды. 

Тараптар қолданбалы зерттеулер, инжинирингті дамыту, мұнай-газ саласы үшін мамандарды даярлаудағы бірлескен бастамаларға қызығушылық танытты. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар QazaqGaz және Түмендегі кәсіпорындар арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын зерделеуге мүдделі екендіктерін растады.