"QazaqGaz" ҰК " АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Total Energies компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша аға вице-президенті Мансұр Жақыповпен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар энергетика секторындағы жаһандық инвестициялардың ағымдағы динамикасын, сондай-ақ энергия ресурстарын игеру тәсілдерін талқылады.
Геологиялық барлау бастамалары саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар өзара сенім мен стратегиялық келісімнің маңыздылығын атап өтіп, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.