«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен Түрікменстанның Мемлекеттік министрі, «Түрікменгаз» мемлекеттік концернінің төрағасы Мақсат Бабаев Ашхабадта жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар бірлескен сараптамалық топтың жұмысын жандандыруға келісті. Атап айтқанда, тараптар түрікмен газын импорттау мәселелерін, сондай-ақ геологиялық барлау саласындағы жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.

Бұл жолғы кездесу жоғары деңгейде қол жеткізілген стратегиялық келісімдердің заңды жалғасы болды. Қос тарап та Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ Түрікменгаз бен QazaqGaz арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.