QazaqGaz және Узтрансгаз Өзбекстан Республикасының аумағы арқылы газ тасымалдау туралы келісімшартқа отырды. Өзбек компаниясы тарапынан құжатқа Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Исаков, QazaqGaz тарапынан Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов қол қойды.
Келісімшартқа қол қою - газды тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі уағдаластықтарды бекітеді және газ тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді. Келісім өңірлік газ инфрақұрылымының сенімділігін арттыру және күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуі үшін негіз болады.