Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжан Республикасына сапары аясында «QazaqGaz»ҰҚ» АҚ Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік ұлттық компаниясы SOCARмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
QazaqGaz басқарма басшысы Санжар Жаркешов пен SOCAR президенті Ровшан Наджаф қол қойған құжат екі елдің газ саласындағы басты бағыттарды айқындайды, жекелей алсақ:
- Қазақстандағы газ кен орындарын барлау және игеру;
- Газды терең өңдеу мүмкіндіктерін зерттеу, газ химиясын дамыту;
- Газ тасымалдау қуаттарын модернизациялау;
- Газ саласындағы жаңа жоғары технологиялық жобалар.
Қол қойылған құжат бірлескен жұмысты дамытуға және екіжақты инвестиция көлемін арттыруға негіз болады.