2023 жылғы 24 қарашада QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлері үшін жыл сайынғы HSE форумы өтті. Іс-шара барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі Басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов сөз сөйледі.

«Биыл біз QazaqGaz компаниялар тобында жарақаттану көрсеткіштерін азайту бағытында жұмыс жүргіздік. Мен үшін әр қызметкердің денсаулығы мен қауіпсіздігі басты назарда. Жыл бойы біз еңбекті қорғау саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді енгізіп қана қоймай, жаңа стандарт бойынша жұмысшылар үшін арнайы жұмыс киімін әзірледік. Сапасы жағынан ол халықаралық компаниялар қызметкерлерінің жұмыс формасынан кем емес», - деді QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов.

Шара аясында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі еңбек қауіпсіздігі тұжырымдамасы таныстырылды, сондай-ақ қауіпсіз кәсіпорын құру және жұмысшылардың қауіпсіздігі мен олардың компанияға деген сенімділігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибелер таныстырылды.

Форум аясында QazaqGaz HSE қызметінің басшысы Алтай Джакубалиев компанияның биылғы жылдың 10 айындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері туралы айтты. Оның ішінде, 2022 жылмен салыстырғанда жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер саны 50% - ға төмендеген. Сондай-ақ еліміздің 9 қаласында 1060 адамның қатысуымен өткен «Stop ДТП»  науқанының қорытындысы жарияланды.

«ҚазТрансГаз Өнімдері» компаниясының бас директоры Ернар Құлқыбаевтың айтуынша аталған іс-шара қызметкерлерге көлік белдігін тағудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында еліміздің тоғыз қаласында мыңнан астам адамның қатысуымен ұйымдастырылды. 

QazaqGazдың бағынысты және еншілес компанияларының басшылары панельдік сессияда нөлдік жарақаттану бағытындағы 7 «алтын ережені» енгізу бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. 

QazaqGaz және бағынысты компаниялар басшылары Health & Safety бағытындағы жеке міндеттемелерге қол қойды, олардың қатарында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Бауыржан Асқаров, «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев, QazaqGaz Аппарат басшысы Дидар Сағымбеков, «Азиялық газ құбыры» ЖШС бсшысы Ерсейіт Қайыпов, «ҚазТрансГаз Өнімдері» бас директоры Ернар Құлқыбаев, «QazaqGaz Барлау және Өндіру» ЖШС бас директоры Алмас Қуандықов, «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары  Талғат Әділов, «ҚазРосГаз» ЖШС бас директоры Нұрлан Абдрасулов.

QazaqGaz компаниялар тобының басшылығы өз ісімен өндірістік қауіпсіздік пе еңбекті қорғауға, еңбекі қорғау саласына озық және заманауи технологияларды енгізуге, қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға міндеттеме алды.