Бұған қоса, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 278-бабының 8-тармағына сәйкес ҚР Үкіметі жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекітті. Осы құжатқа сәйкес, ҚазТрансГазға газ және газ конденсатты кен орындарында барлау және өндіру бойынша басымды құқық берілді.
Осылайша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚазТрансГазды толыққанды тігінен интеграцияланған компанияға айналдыру туралы тапсырмасы орындалды. Дербес ұлттық газ компаниясына берілген мәртебе «ҚазТрансГаз» АҚ-ға үлкен перспективалар ашады.
Бұл Қазақстанның газ саласы үшін маңызды тарихи сәттердің бірі. «ҚазТрансГаз» тәуелсіздік жылдары Орталық Азиядағы газ ағындарының маңызды әрі технологиялық ең қуатты операторына айналды. Көгілдір отын, жылу мен жайлылық 9 миллионнан астам қазақстандықтың үйлеріне жетті, шамамен 50 мыңға жуық кәсіпорын табиғи газды пайдаланады. Бұл газ мамандарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі.
Жақын арада компанияның шешуі қажет негізгі міндеттер - бұл газдың ресурстық базасын арттыру, тауарлық газ өндірісін ынталандыру, қолданыстағы және жаңа кен орындарында геологиялық барлау және газ өндіру. Сонымен қатар елдің газ тасымалдау және газ тарату инфрақұрылымын модернизациялау күн тәртібіндегі мәселе болып табылады.
«ҚазТрансГаз» АҚ ҰК Баспасөз қызметі
Байланыс тел: +7(7172) 55 23 16