“QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов CERAWeek аясында Chevron корпорациясының президенті Майк Виртпен жұмыс кездесуін өткізді. Келіссөздерге Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бастаған министрліктің делегациясы қатысты.

Тараптар саланың өзекті мәселелері мен көмірсутек өндіру саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде Ақтөбе облысындағы KT-III құрылымындағы геологиялық барлау жұмыстарының жоспарларын талқылады.