1 қыркүйекте мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылған «QazaqGaz» компаниялар тобы қызметкерлерінің спартакиадасы ашылды. Жарыс 1-2 қыркүйек аралығында жалғасады.

Спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен жиналған «QazaqGaz» компаниялар тобы қызметкерлері қатысады. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы жарысты ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Спорттық шара мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Ең алдымен, өндіріс саласының мамандарына ерекше алғысымды айтқым келеді. Күн, түн демей халықты газбен үздіксіз қамтамасыз етіп отырсыздар. Нағыз еңбек сіздердікі! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, ең мықты жеңсін!»,-деді Санжар Жаркешов.

Қатысушылар жеңіл атлетика, волейбол, жүзу, шахмат, үстел теннисі, бильярд, армрестлинг және мини-футболдан ең мықтыны анықтайды.