Осындай оқиғалардың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар комитеті мен «ҚазТрансГаз» АҚ жылыту маусымынан бұрын, оның барысында жүргізетін арнайы шараларға қарамастан, газды тұрмыста пайдалану кезінде болатын қайғылы жәйттер азаятын емес.

Көгілдір отын мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде болатын төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында «ҚазТрансГаз» АҚ Шымкент қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға сыйлық ретінде газ сигнализаторларын табыс етті. 

«Ақпанның екінші жартысында оңтүстікте күн жылына бастайды. Соның салдарынан мұржалардың тартуы нашарлап, тұрғын үйлерде тұншықтырғыш газдың таралу қаупі артады, - дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалы тараптық ұйымдардың газ желілерін жобалау, салу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет бастығы Нұрлан Қосмамбетов. – Біз бұл құралдарды табыстаумен шектелмейміз. Мамандарымыз барлық мекен-жайға барып, сигнализаторларды орнатып береді».

Бұрын үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету газ қызметкерлерінің құзырында болатын. Қазір бұл қызмет бәсекелестік ортаға – жеке компанияларға берілді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, үй ішіндегі газ жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуіне тұтынушылардың өздері жауапты.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде табиғи және тұншықтырғыш газ тараған кезде іске қосылатын ажыратқыштар мен сигнализаторлар өте тиімді құрал болып табылады. Мұржа тартпай қалғанда немесе тұншықтырғыш газ бөлме ішіне тарағанда бұл құралдар автоматты түрде дабыл қағып, газ жабдықтарының жұмысын тоқтатады. Оған қоса бұл құралдар аса қымбат та емес және газ жабдықтары сатылатын кез-келген дүкеннен табылады. Мысалы, Ресейде газ сигнализаторлары орнатылмаған тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарды табиғи газ жүйесіне қосуға тыйым салынған.

Нұрлан Қосмамбетовтың пікірінше, осы құралдар көптеген адамның өмірін сақтап қалуға қауқарлы.

Газ саласындағы Ұлттық оператор тарапынан жергілікті БАҚ-тар мен интернет-ресурстарда ақауы бар газ жабдықтарының қаупі туралы мақалалар ұдайы жарияланып тұрады, теле және радио арналарда қауіпсіздік жөніндегі роликтер көрсетіліп, таратылады, тұрғындармен кездесулер өткізіледі, коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуге арналған есеп-шоттармен қатар «Газды тұрмыста пайдаланудың қауіпсіздік ережелері» тақырыбында инфографика бейнеленген жадынамалар таратылады, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп қауіпсіздік жөніндегі рейдтер ұйымдастырылады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, бұл шаралардың барлығы аздық ететін секілді.

"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен қамту саласындағы Ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ Компаниялар тобына газ өндіретін және оның өнімдерін тасымалдап, жеткізумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі Тел: 8(7172) 55 23 16