"QazaqGaz "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің отырысында геологиялық барлау жұмыстарының 2026-2028 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Сондай-ақ "QazaqGaz "ҰК" АҚ басқармасына аталған бағдарламаның жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Бекітілген бағдарлама жер қойнауының жаңа перспективалы учаскелерінде геологиялық барлау іс-шараларын жүргізуді көздейді. Бағдарламаны іске асыру газдың ресурстық базасын кеңейтуге, геологиялық зерделеу деңгейін арттыруға және саланы одан әрі дамыту үшін негізді қалыптастыруға бағытталған.

2026-2028 жылдарға арналған бағдарлама компанияның басымдықтары мен орнықты даму және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерін ескере отырып, кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.