Рейтингтік агенттік деректері бойынша «Қалыпты» деген болжам ҚТГ-ға қатысты компания одан әрі де жоғары өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізе алады дегенді білдіреді.

Рейтингтік агенттік хабарлағандай, өткен жылы EBITDA көрсеткіші 63%-ға  251 млрд. теңгеге дейін өсті, соның нәтижесінде қарыздармен операциялардан қаражат шамамен 40%-ды құрады.  «ҚазТрансГаз» АҚ қаржылық көрсеткіштерінің өсуі газ экспорты көлемінің, оның ішінде Қытайға экспорттың өсуінің арқасында және негізгі инвестициялық жобаларды іске асыруды аяқтау есебінен болды.

2018 жылғы қазанда ҚTГ мен PetroChina International Co. Ltd. 5 жыл ішінде жылына 10 млрд. текше метрге газ сатып алу-сату шартына қол қойды.  2018 жылы ҚТГ Қытайға 5,5 млрд. текше метр және Ресейге 2,4 млрд. текше метр газ сатты, бұл EBITDA өсуінің негізгі факторы болды.

S&P «ҚазТрансГаз» қаржылық көрсеткіштері, газбен волатильді саудадағы экспорттың өсімтал болуы үлесінен волатильді болады деп есептейді. Бірақ, газ саудасынан қосымша қаржы ағындары кредиттік қабілеттіліктің сенімді көрсеткіштерін қолдайды деп күтіледі. Сонымен қатар, компания ішкі ақша ағындары есебінен өз инвестициялық бағдарламасын қаржыландыра алады деп күтілуде. «ҚазТрансГаз» АҚ автономды кредиттік қоржыны (SACP) «bb» деңгейінде бағаланады.

"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін  кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. 

 «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз-қызметі Тел: +7(7172) 55 23 16