Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: Алматы энергетика және байланыс институты (Мамандығы: инженер электрик);

             Алматы энергетика және байланыс институты (Мамандығы: инженер экономист);

             Maastricht School of Management / Almaty Management University (Almau) (MБA);

Еңбек қызметі: Еңбек қызметін Siemens ЖШС компаниясында сервистік операциялар жетекшісі ретінде бастаған. Осы компанияда техник және монтаждау инженері ретінде біраз уақыт жұмыс істеген. Ол басқарушылық қызметтерді, соның ішінде бөлім директоры мен сервис операцияларының жетекшісі лауазымдарын атқарды. Батыржан Ержанұлы техникалық және басқарушылық тәжірибеге ие.

Әр жылдары ол Rominserv SRL, Rompetrol Well Services және Rompetrol Rafinare компанияларында Директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ Linde Azot Togliatti JSC және Praxair Azot Togliatti JSC компанияларында Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2015 жылдың қарашасынан 2023 жылдың ақпанына дейін Linde Gas Kazakhstan ЖШС компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2023 жылдың наурызынан 2024 жылдың сәуіріне дейін KazMunayGas International Rompetrol компаниясында өндіріс және өнеркәсіп қызметтері бойынша бас директор болды.

Сондай-ақ, Батыржан Тергеусізовтің бірнеше ғылыми жарияланымдары бар.