Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен газ мамандарын Ұлттық компанияның Басқарма Төрағасы Қайрат Шәріпбаев құттықтады. Өз сөзінде ол әрбір халық үшін егемендікке қол жеткізу - ең үлкен жетістік, ең маңызды мереке екенін атап өтті.
– Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығы мен көрегендігінің арқасында тарихи тұрғыдан аз ғана уақыт аралығында Қазақстан егемендікке ие болып, сенімді түрде алға жылжуда. 30 жыл – бұл маңызды кезең. Біздің халқымыз барлық қиындықтар мен сынақтардан мойымай өтіп, бүкіл әлемде лайықты құрметке ие болған қуатты, гүлденген мемлекет құра алды!
Қайрат Шәріпбаев осы мерейтойлық жыл газ саласы үшін айтулы сәт болғанын ерекше атап өтті - ҚазТрансГаз компаниясы көптен күткен Ұлттық мәртебеге ие болды.
- Біздің компаниялар тобы бұған 20 жылдай уақыт жұмсады. Менің ойымша, бұл Қазақстанның газ саласы үшін аса маңызды тарихи сәттердің бірі! Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның газ саласы ең қиын кезеңдерді бастан өткерді. Екі мыңыншы жылдардың басында барлық инфрақұрылымды қайта жинап, барлық өңірлерде батыраңқы жатқан газ компанияларын біріктіруге тура келді.
Басқарма Төрағасының пікірінше, бүгінде ҚазТрансГаз Ұлттық компаниясы көрші мемлекеттер үшін маңызды газ әріптесі болып табылады және қысқа мерзім ішінде Еуразия өңіріндегі транзиттік ағынның негізгі операторларының біріне айналды. Осы жылдар ішінде ҚазТрансГаз көптеген маңызды жобаларды іске асырды.
Елде теңдесі жоқ газдандыру жүргізілді. Бүгінгі күні газ Қазақстанның 14 өңірінің 12-інде қолжетімді, газ елорда Нұр-Сұлтан мен орталық өңірлерге келді. Газбен 10 миллионнан астам адам қамтамасыз етілген. Газдандырылған кәсіпорындар саны екі есеге: 23 мыңнан 54 мың бизнес-субъектіге дейін ұлғайды. Қысқа мерзім ішінде 10 мың шақырымнан астам магистральдық газ құбырлары салынды және пайдалануға берілді.
Салынған «Қазақстан-Қытай» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ магистральдары қазірдің өзінде елдің ұлттық игілігіне айналды. Осы газ құбырларының жұмысы арқасында оңтүстік өңірлердің тұрғындары газ тапшылығының не екенін ұмытты. Ең бастысы - Қазақстан еліміздің батыс облыстарында өндірілетін отандық газға көшті.
- ҚазТрансГаз Ұлттық компаниясы үшін жаңа кезең басталады, оған біз үлкен тәжірибемен келдік. Ұлттық компанияның мәртебесі - бұл үлкен жауапкершілік пен жаңа мүмкіндіктерге ашылған жол! Біздің стратегиямыз елдің газ бөлігіндегі энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Қайрат Шәріпбаев ресурстық базаны ұлғайтуды бірінші кезектегі міндет деп атап өтті. Компания енді газ және газ конденсатты кен орындарында барлау мен өндіру бойынша басым құқыққа ие.
«ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы компанияның биылғы жылы қол жеткізген өндірістік және қаржылық көрсеткіштеріне жеке тоқталды. Мәселен, осы жылы магистральдық тасымалдау көлемі 95,8 млрд. текше метрді, ішкі тасымалдау 21,3 млрд. текше метрді құрайды. Бұл ретте халықаралық газ транзиті 60,4 млрд. текше метрді құрады.
2021 жылы ҚазТрансГаз компаниялар тобының борыштық жүктемесі 1,6 млрд АҚШ долларына, 4,5 млрд-тан 2,9 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Оның ішінде мерзімінен бұрын 526 млн АҚШ доллары өтелді. 2021 жылы ҚазТрансГаз ел бюджетіне күтілетін аударымдар 215 млрд теңге салықтар мен төлемдерді құрайды.
Дәстүр бойынша компания басшысы өз сөзін ерен еңбегімен көзге түскен жұмыскерлерді марапаттаумен жалғастырды. ҚазТрансГазда нағыз білікті, өз ісіне берілген адамдар жұмыс істейтінін атап өткен ол марапатталғандар тізімінің басым бөлігін өндірістегі мамандар алатынын ерекше атап өтті. Олар күндіз де, түнде де, аязда да, ыстықта да Қазақстанның барлық газ тасымалдау жүйесінің жұмысын үздіксіз қамтамасыз етіп отырған майталман мамандар.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай биыл «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының марапаттарға ие болған жұмыскерлерінің саны рекордтық көрсеткішті құрады - 887 адам марапатталады, оның ішінде 709 адам – өндірістегі персонал.
«ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ компаниялары тобының 26 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
«Парасат» орденін «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ибулла Серді алды.
«Құрмет» орденін 17 қызметкер алды. Олардың арасында мұнай-газ саласында 26 жыл қызмет атқарған «Азиялық Газ құбыры» ЖШС «Алматы» ГТБ бас инженері Болат Семізеков. Жоғары марапатты мұнай-газ саласында 28 жыл жұмыс істеген «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ Ақкөл ЖӨБ технологиялық компрессорлар машинисі Николай Сегізбаев және мұнай-газ саласында 18 жыл жұмыс тәжірибесі бар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Меркі газ шаруашылығының технигі Зульфия Сабыралиева алды.
Сондай-ақ «Құрмет» ордені «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ Аппарат басшысы Азамат Майтиевке, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Алик Әшіровке, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының орынбасары Абзал Қисметовке, «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС ЖБТ бас директорының орынбасары Бейбіт Саурамбаевқа, «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ Баспасөз қызметінің басшысы Бексұлтан Құрманқұлға, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қоғаммен байланыс және интеграцияланған менеджмент жүйелері департаментінің директоры Мұхит Ықыласқа, «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС Күрделі құрылыс департаментінің жетекші инженері Азаматжан Бисеновке, «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС Инжиниринг департаментінің жетекші инженері Игорь Чехловқа, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-техникалық орталық» филиалының директоры Сергей Храменковқа, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ директорының бірінші орынбасары Марат Ещановқа, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Равиль Исмаиловқа, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Қазығұрт газ шаруашылығының директоры Сәкен Смановқа, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Қостанай өндірістік филиалының директоры Валерий Бойкоға, «Азиялық газ құбыры» «Тараз» ГТБ технологиялық жабдықтың жетекші инженері Асхат Әділгереевке берілді.
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін 4 жұмыскер, атап айтқанда, мұнай-газ саласында 34 жыл жұмыс тәжірибесі бар «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» МГҚБ филиалы Алматы газ шаруашылығының электр химиялық қорғау қызметінің жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтері Татьяна Сергеева, салада 27 жыл атқарып келе жатқан «Амангелді Газ» ЖШС газ және конденсатын өндіру жөніндегі шебері Құлмағамбет Уәлиев алды. Сондай-ақ награданы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе облысы Мұғалжар газ шаруашылығының есепшісі Айгүл Тілеужанова және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Тараз өндірістік филиалы Ақыртөбе көлік учаскесі автомобилінің жүргізушісі Талғат Жақаев алды.
«Ерен еңбегі үшін» медалі осы салада 15 жылдық тәжірибесі бар 3 жұмыскер, оның ішінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ филиалының өндірістік-техникалық қызмет бастығы Жандос Сәденовке берілді. Сонымен қатар медальді «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ Газ маркетингі департаментінің директоры Евгений Несонов және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының директоры Мақсұт Әбуов алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Бақтияр Ізбасаровқа берілді.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі 70 жұмыскерге берілді. ҚР Энергетика министрлігінің медалін – 1 жұмыскер, ҚР Энергетика министрлігінің төсбелгісін – 17 жұмыскер, ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасын – 25 жұмыскер, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ төсбелгісін – 11 жұмыскер алды.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Құрмет грамотасы 10 жұмыскерге, «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы 57 жұмыскерге және газ саласының 59 ардагеріне тапсырылды.
KAZENERGY медалін 5 жұмыскер, KAZENERGY Құрмет грамотасын – 7 жұмыскер, KAZENERGY Алғыс хатын – 5 жұмыскер алды. «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ ЕТҰ Құрмет грамотасы 594 жұмыскерге берілді.