Орталық диспетчерлік басқарма – бұл «ББШ» МГҚ объектілерінің қауіпсіз әрі сенімді жұмысы үшін барлық қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және беру функцияларын орындайтын жоғары технологиялық, компьютерлендірілген кешен. Оның функциясына нақты уақыт режимінде «ББШ» МГҚ объектілерінің жұмысына дистанциялық бақылауды және мониторинг жүргізуді жүзеге асыру кіреді.

«ББШ» МГҚ-да газ тасымалдауға бақылау жасау және оны басқару үшін SCADA жүйесі енгізілген болатын, ол online режимінде компрессорлық станциялардың параметрлеріне бақылау жасайды және газ құбырының барлық объектілерінің арасындағы деректерді беруді және олармен алмасуды қамтамасыз етеді. SCADA жүйесі жетекші дүниежүзілік өндірушілердің ең жаңа жабдықтарымен жарақталған.

«Қызылорда» ОДБ-ның өндірістік-диспетчерлік департаментінің бастығы Жалғас Сәрсенбаев атап өткендей әдеттен тыс оқиғалар жағдайында және технологиялық жабдықтың параметрлердің шегінен шығып кеткен жағдайында, жүйе ауытқуға дереу ден қояды және аварияның басымдық деңгейіне қарай, ОДБ-ға шұғыл хабарлама береді.

«Бағдарламаның функцияларында істен шыққан элементтерді бұғаттау, тіпті оларды өшіру мүмкіндігі бар, - деп Жалғас Сәрсенбаев айтып өтті. Егер авария әйтсе де болған болса, жедел бригада қажетті құрал-жабдықтардың, қосалқы, жинақтаушы бөлшектердің тізімімен, қандай оқиға болғанын алдын ала біле отырып, авария болған жерге шығады. Бұл дегеніміз жөндеу жұмыстарына аз уақыт жұмсауға және аварияны толықтай жоюға мүмкіндік береді.

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ, еліміздің Президенті бастамашылық жасаған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қолдау аясында, осындай ұқсас инновациялық технологияларды тәжірибе жүзінде Қазақстанның газ қызметінің барлық салаларында енгізуде.

Қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автоматтандыру мен басқарудың қазіргі құралдары енгізілуде. Қызылорда қаласындағы Орталық диспетчерлік басқарма «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының Бірыңғай диспетчерлік басқару жүйесінің құрамына кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі

тел: +7(7172) 55 23 16