Жамбыл облысында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральдық газ құбырлары басқармасы құрылымына кіретін «Меркі» жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясының ресми іске қосылуы болып өтті.

Бұл іс-шара Меркі үшін және бүкіл Меркі өңірі үшін өте маңызды, өйткені әңгіме ескі нысанды жаңарту туралы емес, сенімділік пен өнімділік деңгейі жоғары мүлдем жаңа станция салу туралы болып отыр.
Ескі газ тарату станциясында аймақтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қуаттың мүлдем жетіспейтіндігінен және оның жабдықтарының физикалық тозуы жоғары болғандықтан, компания жаңа АГТС салу туралы шешім қабылдады.

Пайдалануға берілген жаңа «Меркі» АГТС-тің өткізгіштік қабілеті 30000 м3/сағатты құрайды, бұл өңірдің ең шыңдық кезеңдерінде де ағымдағы қажеттіліктерін толығымен жабады. Сонымен қатар, «БГА-ТБА» МГҚ екінші желісіне орташа қысымды газбен жабдықтау құбыры арқылы резервтік қосылудың арқасында, ИОА енді Меркі мен Меркі ауданының тұтынушыларына, тіпті газ құбыры желілерінің бірін жөндеу кезінде де үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ететініне кепілдік бере алады. 

Жаңа «Меркі» АГТС әлеуметтік маңызы зор, ол Меркі ауданының 16 елді мекенін: Меркі, Ойтал, Сарымолдаев, Жамбыл, Ақтоған, Ақ арал, Интернациональная, Плогоягодная, Т.Рысқұлов, Сыпатай, Екпінді, Ойтал, Санаторный, Талдыбұлақ, Тұрлыбай, Қазақ дихан; 12 695 тұрғын үйді; 420 тұрғын үй-коммуналдық объектілерін және 33 өнеркәсіптік кәсіпорынды тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа АГРС қуаты көптеген экономикалық мүмкіндіктер береді, бұл ауданда шағын және орта бизнесті дамыту, бұл жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жұмыс орындарының пайда болуына ықпал етеді.
Техникалық тұрғыдан жаңа АГТС барлық заманауи талаптарға сай келеді. Мұндағы кран тораптары пневмогидрожетегі бар шарлы крандарды қолдана отырып жасалған. Бұл жаңа АГТС-те SIEMENS маркалы жабдықтарын қолдана отырып, технологиялық процестерді толығымен автоматтандыруға мүмкіндік берді. Диспетчерлер станциядағы жағдайды күзет және бейнебақылау жүйесі арқылы басқара алады, ол станция учаскесі мен кран қондырғыларын қамтиды.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз-қызметі

тел: +7(7172) 55 23 16