«QazaqGaz» ҰК» АҚ Геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Асылжан Даулетов Жамбыл облысындағы QazaqGaz Барлау және өндіру ЖШС-не қарасты Амангелді өндірістік филиалының нысандарын аралады.
Амангелді кен орнындағы Газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысы таныстырылды. Бүгінгі таңда қондырғыны жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Анабай және Барханная кен орындарында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Анабай кен орнында Газ жинау пунктінде, сондай-ақ жобалық тереңдігі 3500 метр болатын №20 және №19 ұңғымаларды және №17 ұңғыманы игеру жұмыстары басталды. Газ жинау пунктіндегі технологиялық үдерістер, ұңғымаларды бұрғылау барысы және олардың қазіргі дебит көрсеткіштері талқыланды.
Бұдан басқа, Барханная кен орнында №Б5 ұңғымасын күрделі жөндеу бригадасының жұмысы қарқынды, ұңғыманы консервациядан шығару жоспары жасалуда.
Сондай-ақ, Асылжан Дәулетов Барханная газ жинау пункті алаңындағы құрылыс-монтаж жұмыстарына инспекция жүргізілді. Тексеру барысында ол мердігер ұйым басшылығына «Барханная кен орнын игеру және газ құбырын салу» жобасын биылғы жылдың желтоқсан айында аяқтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Ағымдағы жылы компания 11 ұңғыманы бұрғылады, оның ішінде Анабай кен орнында 4 ұңғыма, Амангелді кен орнында 3 ұңғыма, Айрақты кен орнында 3 ұңғыма және Барханная кен орнында 1ұңғыма. Бұрғыланған нысандардың жалпы санынан 7 ұңғыма игерілді. Бұрғылау қорыныңқұрылымында 3 бағалау және 8 эксплуатациядағы ұңғымалар бар. Айрақты кен орнындабұрғыланған ОЦ-1 бағалау ұңғымасы Пермь кен орнының параметрлерін нақтылауға мүмкіндікберді; сынақтар барысында тәулігіне 90 мың м3 дейін өнеркәсіптік газ ағыны алынды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Амангелді кен орнында тәулігіне 30 мың м3 дебитпен №142және тәулігіне 58 мың м3 дебитпен №143 жобалық ұңғымалар пайдалануға берілді, бұл тәулігіне 20 мың м3 деңгейінде белгіленген дебиттің жобалық көрсеткішінен озып тұр.
Айрақты кен орны бойынша тәулігіне 22 мың м3 дебитімен 108 ұңғыма пайдалануға берілді.
Бүгінгі күні № 20 ұңғымадағы Анабай кен орнында ату-жару жұмыстарын жүргізу жәнеұңғыманы одан әрі игеру жоспарлануда.