«ҚазТрансГаз» АҚ ұлтық газ операторының компаниялар тобы дер кезінде болып жатқан оқиғалардың ауқымын бағалай алды және жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдағандығын ескеру қажет.
Бұл ретте, газ саласы елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етудің стратегиялқ бағыттарының бірі екендігі есепке алынды. Саланың барлық ауқымды инфрақұрылымы секунд сайын, үздіксіз және қауіпсіз жұмыс жасауы керек.
Елдің газ инфрақұрылымы туралы айтар болсақ, онда «ҚазТрансГаз» АҚ пайдалануында 70 мың шақырымнан астам газ құбыры бар, оған жылдық газ өткізгіштік қабілеті 267,8 млрд. м3 дейін 20 мың км магистральдық газ құбырлары және ұзындығы 54 мың км-дан астам газ тарату желілері кіреді.
Осы жылы ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ-ның құрылған сәтінен бері 20 жыл толу мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде компаниялар тобы елдің энергетикалық қауіпсіздігіне бағытталған амбициоздық инфрақұрылымдық жобаларды іске асырды.
ҚазТрансГаз Қазақстанның 11 облысын газбен қамтамасыз етеді. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет көгілдір отын жылыту маусымында елдің орталық бөлігіне және республиканың астанасына тартылды.
«ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлерінің елеулі бөлігі қашықтықтан жұмысқа ауыстырылғандығына қарамастан, газ саласы үздіксіз жұмыс жасады. Қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктері толығымен қамтамасыз етілді. Өткен жылғы жылыту маусымы жақсы аяқталды және биылғы жаңа маусым басталды. Барлық транзиттік жеткізулерді, экспорттық міндеттемелерді Қазақстан тұрақты жүзеге асырды.
Туындаған қиындықтар ҚазТрансГаз жұмысына кедергі бола алмады және газ саласы барлық өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді орындады.
Уақтылы алдын ала қабылданған шаралардың арқасында газ нарығына пандемияның әсер етуі жеткілікті шектеулі болды, газ индустриясы Қазақстанның ұлттық әл-ауқатының өсуінің негізгі көздерінің бірі, мұнай-газ секторының көшбасшысы болып қала беруін жалғастырады.
Елдің ішкі нарығында газ тұтынудың өсуі жалғасуда. Бұл әлемдік үрдіс, себебі табиғи газ анағұрлым тиімді және экологиялық таза отын, оны қолдану атмосфераға зиянды шығарылымдарды елеулі төмендетеді.
Бүгінгі күні 9 миллионнан астам немесе 51% қазақстандықтар табиғи газ қолданады. Тек қана өткен жылы ішкі нарықтағы тұтынудың жалпы көлемі 16,3 млрд м³ жетті, ал осы жылдың 11 айында осы көрсеткіш 430 млн. м³ немесе 4%-ға өсті.
Көптеген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес өкілдері, бюджеттік ұйымдар, жылу энергетикалық компаниялар және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар, осылардың барлығы 50 мыңнан асады, газ пайдаланғанды қалайды. Мысал ретінде «ҚазТрансГаз» АҚ осы жылы қол қойған қазақстандық өнеркәсіптің ірі өкілі, металлургиялық комбинат АрселорМиттал Теміртаудың газға көшуі туралы меморандумды айтуға болады.
Қазақстандағы газдандыру қарқыны тек қана өсуде және Үкімет ұлттық оператор алдына амбициоздық жоспар– 2030 жылға қарай Қазақстан халқын 75%-ға, 13,7 млн. адамға дейін газдандыруды ұлғайту міндетін қойды.
Егер ҚазТрансГаз жұмысының қарқынына қарасақ, бұл нақты мақсатқа қол жеткізу. Мысалы, осы жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Қордай ауданының 10 елді мекеніне, 60 мыңнан астам тұрғынды көгілдір отынмен қамтамасыз ете отырып, газ тартылды. Жұмыстар рекордтық мерзімде – не бәрі 5 ай ішінде орындалды. Осылайша, ел президенті қойған міндет сәтті орындалды.
Салынған «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының арқасында Қарағанды және Нұр-Сұлтан тұрғындарын газға қосу қарқынды жүруде, осы жылы онда басымдықты міндеттердің бірі – осы өңірлердегі тұтынушылардың барлық санаттарын авариясыз, үздіксіз және қауіпсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ететін жаңа екі өндірістік филиалдар құрылды. Одан әрі, «Сарыарқа» газ құбырын салудың 2-ші және 3-ші кезеңдері елдің солтүстік өңірлерін газдандыруға мүмкіндік береді.
Газдандыру бойынша белсенді жұмыс оңтүстікте де жүргізілуде, осы жылы Түркістан қаласы іс жүзінде толық газдандырылды.
Егер, жалпы Қазақстан бойынша қарастыратын болсақ, елдің барлық батыс және оңтүстік өңірлері газбен жабдықтаумен қамтамасыз етілген. Оңтүстікке газ «стратегиялық ұлттық жетістік» деп атайтын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистарльдық газ құбырының арқасында тасымалданады. Осы жылы магистраль толық қуатпен жұмыс жасады, магистральдың соңғы күрделі жүйесі болған «Үстірт» компрессорлық станциясы пайдалануға берілді. Станция ҚазТрансГаз меншікті қаражаты есебінен тұрғызылған және елдің оңтүстігіне, сондай-ақ экспортқа газды жоғары сенімді жеткізулерді қамтамасыз етуге көмектеседі.
Қазақстанның газдандырылмаған шығыс бөлігін, Өскемен, Семей және Павлодарды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін Ресей Федерациясынан газ құбырын салу болжалынды. «ҚазТрансГаз» АҚ және «Газпром» ЖАҚ өкілдерінен осы мәселені пысықтайтын жұмыс тобы құрылды. Жаңа газ құбыры осы өңірдің саны 2,1 млн адам халқын газдандыруға мүмкіндік береді, газды тұтыну көлемі шамамен жылына 2,3 млрд м³ құрайды.
Ресурстар туралы айтар болсақ, Қазақстанда елдің ішкі қажеттілігін жабу үшін газ жеткілікті. Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия газдың алынатын қорын 3,8 трлн м³, оның ішінде ілеспе газ 2,2 трлн м³, табиғи газ 1,6 трлн м³ деңгейінде бекітті. Шамамен газдың 98%-ы Қазақстанның батысында шоғырланған, елдің ірі кен орындарының қорлары – Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз жиынтықта республиканың барлық қорларының 75%-ын құрайды.
Газды экспорттық жеткізулерге қатысты айтарымыз, коронавирус пандемиясы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне және қазақстандық газдың негізгі импортері Қытайдағы өнеркәсіптік өндірістің қысқаруына әкелді. Энергетика министрлігінің деректері бойынша Қытай жариялаған форс-мажорлық жағдайға байланысты Қазақстан Күн шығыс еліне газ жеткізді 20–25%-ға қысқартты. Бірақ та бұл елеулі салдар әкелмеді, себебі қысқартудың осындай деңгейінің өзінде газ тасымалдау деңгейі бұрынғы өткен жылы болған деңгейде қалды. Ал мамандардың болжамы бойынша біздің көршілердің соңғы жылдары газ тұтынуының өсуі үрдісі тек қана сақталатын болады.
Қазақстанда газ химиясы өндірісі жобалары іске асырылуда, мысалы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдеу бойынша зауыт салу жобасы. Оны Атырау облысында «Болашақ» мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км-да келесі жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланып отыр. Өндірістік өндіруші қуаты жылына 1 млрд м³ құрайды.
Қосымша өңдеуші қуат «Болашақ» МжГКӨҚ-да жүктеме мен газ шектемесін және мұнайды дайындау бойынша бос қуатты пайдалануды төмендетеді. Бұл НКОК Мердігер компанияларына ӨБК келісімшарттық кезеңінде шамамен 8-10 млн. тг мұнай өндірудің қосымша көлемін алуға, «Болашақ» зауыдындағы жүктемені түсіруге және қабатқа газды кері айдау көлемдерін азайтуға мүмкіндік береді. Осы іс-шаралардың барлығы Қашаған кен орнынан шикі базаны үнемді пайдалануға және Атырау облысындағы экологиялық жағдайда жақсартуға бағытталған.
Қазіргі уақытта Үкімет пен Ұлттық оператор жылу электр станцияларын көмірден газға ауыстыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Осылайша олар анағұрлым тиімді, ең бастысы экологиялық таза жұмыс жасайтын болады, себебі парникті газдардың шығарындылары мен басқа да зиянды заттарды төмендету қамтамасыз етіледі. Мысалы, Нұр-Сұлтанда ЖЭО-1 жартылай газға ауыстырылды. Алматы ЖЭО-2-ні газға ауыстырған кезде парникті газдардың шығарындыларын ғана емес, сонымен қатар азот тотығының 5 есе қысқаруы болжалынады, ал күкірт тотығы және қатты бөлшектердің эмиссиясы іс жүзінде тоқтатылады.
Экология туралы айтатын болсақ, «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес компаниясы – магистральдық газ құбырлар жөніндегі ұлттық оператор болып табылатын «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ны ерекше атауға болады. Бірнеше жыл қатарынан бұл компания экологиялық компаниялардың отандық ретингінде, сонымен қатар «Салауатты мағына» жобасының шеңберінде Ұлттық рейтинг агенттігі және CREON Group, Жабайы табиғат қоры жүргізетін «Мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпаратының ашықтығы» рейтингінде де алғашқылардың бірі болып келеді.
Компания жүзеге асыратын көлемдерде табиғи газды тасымалдауды есепке алатын болсақ – бұл елеулі ресурстарды талап ететін ауқымды процесс, осы мағынадағы сарапшылардың оң бағасы осы міндетті «Интергаз Орталық Азия» АҚ толық көлемде орындай алғандығын білдіреді.
Қазақстан бес жылдан астам халық үшін газдың ең төменгі құны бойынша әлемдік рейтингтің жоғары жағынан орын алып келе жатқандығын ескеру қажет. «ҚазТрансГаз» АҚ жыл сайын ішкі нарықта көгілдір отын құнын ұстап тұру үшін үлкен ақша қаражатын салады – соңғы 6 жылда шығындар 400 млрд. теңгеден асты. Осы мақсаттарға компания экспорт пен транзитті қоса алғанда, басқа операциялардан түсетін іс жүзінде барлық табысын жұмсайды.
Кетіп бара жатқан 2020 жыл барлық қиындықтарымен бірге Қазақстанның газ саласын серпінді дамытуды тоқтатпады. Экономиканың осы саласы мемлекеттік энергиялық саясаттың басым бағыты болып қала береді және экономикада және әлеуметтік дамуда газды пайдалануды арттыру бойынша жоғары әлеуетке ие.
Дереккөз: «Казахстанская правда»