2024 жылы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні «Біздің жер. Біздің болашағымыз. Біз – «Қалпына Келтіру Ұрпағымыз» ұранымен жерді қалпына келтіруге, шөлейттендіру процесін тоқтатуға және құрғақшылықтың алдын алуға арналған. Біз уақытты кері қайтара алмаймыз, бірақ біз ормандарды өсіріп, судың қайнар көздерін жандандырып, жер топырағын қалпына келтіре аламыз. Біз - жермен бейбітшілік байланысын орната алатын ұрпақпыз.   

«QazaqGaz» ҰК» АҚ HSE қызметі орталық аппарат пен ЕТҰ құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлері үшін БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) және Carbon limits норвегиялық компаниясы Жаһандық Метан Орталығының (GMH) қолдауымен «Мұнай-газ секторындағы метан шығарындылары» тақырыбымен үш күндік корпоративтік оқыту тренингін ұйымдастырды. Оқу аяқталғаннан кейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның 47 жұмыскері БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) шеңберінде халықаралық сертификат алды.  

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Жаркешов Санжар Серікбайұлы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі атынан «QazaqGaz» компаниялар тобының жұмыскерлеріне қоршаған ортаны қорғау саласындағы қосқан үлесі мен еңбегі үшін төсбелгілерді, құрмет грамоталарын және алғыс хаттарды табыс етті.  

«Интергаз Орталық Азия» АҚ: Иманғалиева Зинегүл (төсбелгі),  Кушерова Айжан (төсбелгі)   

«Азиялық Газ құбыры» ЖШС: Аукешева Бахыт (алғыс хат), Әбдірашев Арман (төсбелгі), Жолдыбаев Тоқтасын (құрмет грамотасы), Садықова Шолпан (алғыс хат)  

«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС: Серік Кужумов (құрмет грамотасы)  

«АстанаГаз ҚМГ» АҚ: Қонысбекова Ақмарал (құрмет грамотасы)   

«QazaqGaz» ҰК» АҚ: Жаңабаева Бибігүл (алғыс хат)