Іс-шараның бағдарламасы заманауи экологиялық заңнама мен климаттық күн тәртібінің негізгі аспектілерін, ҚР Экологиялық кодексіне енген соңғы түзетулер мен климаттық реттеу мәселелерін қамтыды. Спикерлер ретінде ҚР Экология министрлігінің сарапшылары мен саланың жетекші мамандары шақырылды.

Семинарды өткізу Қоғам компаниялары тобының экологтарының біліктілігін үздіксіз арттыруға, кәсіби ой-өрісін кеңейтуге және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.